02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің  №858 

290 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 17 тамыз,Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 4 қыркүйек №631 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, бұйырамыз: 1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғарыш қызметi саласындағы тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн. 2. Мыналардың: 1) «Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 46/нқ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7671 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 16 маусымда № 324-329 (27403) жарияланған); 2) «Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 47/нқ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 120 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7672 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 16 маусымда № 324-329 (27403) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев): 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуiн; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын; 4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн. 5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _______________ Ә.ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Е. ДОСАЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы _____________________ С. Айтпаева 2015 жылғы «____»___________ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы №858 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі №631 бірлескен бұйрығына қосымша Нысан Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағы Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт___________________________________________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ___________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Тексерілетін субъектінің (объектінің) БСН (ЖСН) ______________________________________________________________________________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы___________________________________________________________________ № Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді 1 2 3 4 5 6 Лицензиаттарға 1 Тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жеке тұлғада (дара кәсіпкерде) жоғары білімінің болуы 2 Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы 3 Заңды тұлғаның штатында тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының 10% кем емес болуы 4 Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жаб­дық­тың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы Лауазымдық тұлға (-лар) _________________________________________ _________ ____________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________________ _________ ____________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Тексерілетін субъектінің басшысы ____________________________________________________ ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) (қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 6 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12143 болып енгізілді.